20.11.26

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы -2026» конкурсының І кезеңінің қорытындысы жарияланды

KazGASA-да «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы -2026» республикалық конкурсының жоғары оқу орны ішіндегі І кезеңі аяқталды.

Байқауға 10 оқытушы қатысып, олардың ішінен ең жоғары нәтиже көрсеткен 6 үміткер конкурстың ІІ кезеңіне жолдама алды.

Олар: Саят Ниетбай, Инна Ивановна Остапенко, Индира Беркинбаевна Ташмуханбетова, Гүлжан Абуталиповна Сейдуллаева, Әсел Әбдікерімқызы Алтаева және Динарр Абеуовна Адилова.

ІІ кезеңде аталған оқытушылар республикалық деңгейде KazGASA атынан қатысады.