«Халықаралық білім беру корпорациясы» ЖШС
Академиялық адалдық лигасының мүшесі болып табылады. Академиялық адалдық лигасы — академиялық адалдық, ашықтық және білім беру қызметіндегі жауапкершілік қағидаттарын ұстанатын және ілгерілететін Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының бірлестігі.
2026 жылғы 10–13 наурызда «ХБК» ЖШС-ға Академиялық адалдық лигасының мониторингтік тобы келді. Сарапшылар университеттің академиялық адалдықты қамтамасыз ету жұмысын, білім беру үдерістерінің ашықтығын және цифрлық жүйелерін зерделеді. Талқылауларға басшылық, қызметкерлер, оқытушылар, студенттер, түлектер және жұмыс берушілер қатысты.
Мониторингтік топтың сапары туралы толығырақ
Академиялық адалдық бойынша бейнедәрістер:
https://drive.google.com/drive/folders/1hugvBT1oZTKclMP0W1G_GShROl4fN70D
Лиганың мақсаты: Қауымдастықтың негізгі мақсаты — академиялық адалдық қағидаттарын іске асыру және ілгерілету арқылы білім беру сапасын арттыру.
Лиганың миссиясы — академиялық адалдықтың он негізгі қағидасын алға жылжыту және жүзеге асыру арқылы елдегі білім беру сапасын ілгеріту және дамыту:










Лига кеңесі Академиялық адалдық стандарттарын әзірлеумен айналысады. Қазіргі уақытта Кеңес: студенттердің оқу нәтижелерін бағалау; Лиганың жалпы критерийлері негізінде зерттеу нәтижелерін жариялау үшін лигамен ұсынылған журналдарды бағалау; жоғары оқу орындарының мониторингі мен скрининг рәсімі және кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру стандарттарды әзірледі.
Академиялық адалдық лигасы академиялық адалдық қағидаттарының ықтимал бұзылуы туралы анонимді хабарламаларды қабылдайды. Плакаттағы QR-кодты сканерлеңіз немесе Лига сайтындағы «Бұзушылық туралы хабарлау» нысанын пайдаланыңыз.
Коллегиалды орган, білім беру және ғылыми қызметте академиялық адалдық, кәсіби этика және адал мінез-құлық принциптерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Кеңес этикалық нормаларды бұзу мәселелері бойынша өтініштер мен даулы жағдайларды қарастырады, оларды шешу бойынша ұсыныстар әзірлейді, сондай-ақ университеттің этикалық мәдениетін қалыптастыру және дамытуға қатысады.
«ХБК» ЖШС-нің Тәртіптік комиссиясы білім алушылардың оқу тәртібін, академиялық адалдық қағидаттарын, студенттердің әдеп кодексі нормаларын және ішкі тәртіп қағидаларын бұзу фактілерін қарауды жүзеге асыратын алқалы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Комиссия Ректордың бұйрығымен құрылады және бекітілген Ереже негізінде әрекет етеді. Комиссия құрамына әкімшілік, профессор-оқытушылар құрамы және Корпорацияның құрылымдық бөлімшелері өкілдері кіреді.
Комиссияның негізгі міндеттері:
Бұзушылықтарды қарау қызметтік жазбалар, актілер, тексеру материалдары және өзге де растайтын құжаттар негізінде жүзеге асырылады. Комиссия отырыстары хаттамаланады. Қарау қорытындысы бойынша шешім шығарылады және қажет болған жағдайда ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес тәртіптік ықпал ету шаралары қолданылады.
Тәртіптік комиссия алқалылық, объективтілік, жариялылық және білім алушылардың құқықтарын сақтау қағидаттарын қамтамасыз етеді.
Комиссия қызметінің нормативтік негізі «ХБК» ЖШС Ректоры бекіткен Білім алушыларға арналған Тәртіптік комиссия туралы ереже болып табылады.
«ХБК» ЖШС-де емтихан сессиялары кезеңінде анықталған академиялық адалдықты бұзу жағдайларына жүйелі мониторинг жүргізіледі. Статистикалық деректер прокторлар рәсімдейтін емтиханнан шығару актілерінің негізінде қалыптастырылады және бұзушылықтардың оқу кезеңдері мен түрлері бойынша сандық көрсеткіштерін қамтиды.
2025–2026 оқу жылының қысқы емтихан сессиясының қорытындысы бойынша академиялық адалдықты бұзудың 121 жағдайы тіркелді. Салыстырмалы түрде айтсақ: 2024–2025 оқу жылының қысқы сессиясында 202 бұзушылық, ал сол жылдың көктемгі сессиясында 149 бұзушылық анықталған болатын.
Анықталған бұзушылықтардың түрлері бойынша ақпарат төмендегі диаграммаларда берілген.