Студенттердің академиялық ұтқырлығы (АҰ) — бұл бір семестр немесе оқу жылы бойы шетелдік әріптес жоғары оқу орнында оқуға мүмкіндік беретін бағдарлама, оқу нәтижелері транскрипт арқылы расталады.
АҰ бағдарламасына қатысушы студенттердің:
жоғарыда көрсетілген барлық параметрлер әрбір нақты жағдайда ХБК (Халықаралық Білім Корпорациясы) мен әріптес жоғары оқу орны арасында келісім шарттамасында немесе оған қосымшаларда нақты көрсетіледі.
Anhui Jianzhu University (ҚХР) оқу үшін 4 орын ұсынады.
Қаржылық шарттар / стипендия:
Студенттерге 1 семестрге арналған стипендия беріледі, ол оқу ақысы мен тұру шығындарын қамтиды.
Конкурсқа қатыса алады:
Сәулет мектебінің 3, 4 курс студенттері мен магистранттары;
Құрылыс мектебі және Инженерия мектебінің (тек ИСМУК) 2, 3 курс студенттері;
қаржылық және академиялық қарызы жоқ студенттер;
орташа GPA көрсеткіші 3.0-ден жоғары студенттер;
ағылшын тілін B2 деңгейінен төмен емес деңгейде меңгерген студенттер.
Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 20.11.2026 ж.
Қажетті құжаттар:
паспорт көшірмесі;
ағылшын тіліндегі транскрипт (ОР арқылы аласыз);
мотивациялық хат;
ағылшын тілін меңгеру деңгейін растайтын сертификат;
өтініш нысаны (мына сілтеме арқылы алуға болады: https://mokkz-my.sharepoint.com/:w:/g/personal/inter_dep_kazgasa_kz/IQAhutSEFDQTRI-J__0tM8VRAWtdtf2p3vfxQ2V9oqYIlZY?rtime=2ZJ387-l3kg).
Барлық сұрақтар бойынша студенттер Халықаралық бөлімге, № 400 кабинетке жүгіне алады.
Құрметпен,
KazGASA Халықаралық бөлімі
Częstochowa University of Technology (Польша) оқу үшін 8 орын ұсынады.
Қаржылық шарттар: өзін-өзі қаржыландыру
— оқу ақысы тегін;
— қалған барлық шығындарды студент өзі өтейді.
Конкурсқа қатыса алады:
— Құрылыс мектебінің 2, 3 курс студенттері;
— Инженерия мектебінің (РЭиТ қоспағанда) 2, 3 курс студенттері;
— қаржылық және академиялық қарызы жоқ студенттер;
— орташа GPA көрсеткіші 3.0-ден жоғары студенттер;
— ағылшын тілін B2 деңгейінен төмен емес деңгейде меңгерген студенттер.
Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 20.11.2026 ж.
Қажетті құжаттар:
— паспорт көшірмесі;
— ағылшын тіліндегі транскрипт (ОР арқылы аласыз);
— мотивациялық хат;
— ағылшын тілін меңгеру деңгейін растайтын сертификат;
— анкета (мына сілтеме арқылы алуға болады: https://mokkz-my.sharepoint.com/:w:/g/personal/inter_dep_kazgasa_kz/IQAhutSEFDQTRI-J__0tM8VRAWtdtf2p3vfxQ2V9oqYIlZY?rtime=2ZJ387-l3kg).
Барлық сұрақтар бойынша студенттер Халықаралық бөлімге, № 400 кабинетке жүгіне алады.
Құрметпен,
KazGASA Халықаралық бөлімі