27.11.26

KazGASA Қазақстандағы қорғалған AI Campus жүйелерін дамыту жөніндегі талдамалық құжатты әзірлеуге қатысты

KazGASA Internet Association of Kazakhstan және Astana IT University ұйымдарымен бірлесіп, жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы қорғалған цифрлық кампустардың архитектурасын қалыптастыруға арналған High-Security AI Campus White Paper атты талдамалық құжатты әзірледі.

Құжат жоғары деңгейде қорғалған AI Campus инфрақұрылымын құрудың негізгі тәсілдерін айқындайды. Атап айтқанда, онда қосымшалар архитектурасы, техникалық және желілердің физикалық архитектурасы қамтылған. Құжатты әзірлеудің мақсаты – білім беру, ғылыми-зерттеу және әкімшілік процестерге жасанды интеллект технологияларын енгізуді қолдайтын қауіпсіз цифрлық ортаны қалыптастырудың технологиялық негізін қалау.

Бұл бастама AI Campus тұжырымдамасын дамытуға бағытталған халықаралық жұмыстың жалғасы болып табылады. 2026 жылдың басында Network Innovation and Development Alliance (NIDA), World WLAN Application Alliance (WAA), IEEE UAE Section, Internet Association of Kazakhstan және басқа да ұйымдар Барселона қаласында өткен Mobile World Congress (MWC 2026) халықаралық көрмесінде High-Quality 10 Gbps AI Campus Technical and Standard White Paper атты талдамалық құжатты таныстырды. Онда өткізу қабілеті 10 Гбит/с болатын жоғары жылдамдықты кампус желілерін құрудың техникалық және архитектуралық тәсілдері айқындалды.

2026 жылдың шілде айында Қытай Халық Республикасының Өнеркәсіп және ақпараттық технологиялар министрлігі жанындағы ғылыми-зерттеу ұйымы – Қытайдың Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар академиясы (CAICT) құжаттың Қытайға бейімделген нұсқасын жариялады. Бұл кезең AI Campus тұжырымдамасын ұлттық деңгейде дамытудың жалғасы болды.

Қазақстандық бастама осы бағытты одан әрі дамыта отырып, ақпараттық қауіпсіздік пен цифрлық инфрақұрылымның тұрақтылығына ерекше назар аударады.

KazGASA-ның құжатты әзірлеуге қатысуы университеттің бейінді ұйымдармен сараптамалық ынтымақтастығының кеңейіп келе жатқанын және цифрлық трансформацияның өзекті мәселелерін талқылауға белсенді араласып отырғанын көрсетеді. Бірлескен жұмыс академиялық сараптама мен салалық тәжірибені ұштастыра отырып, қауіпсіз әрі технологиялық тұрғыдан дамыған білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған.

White Paper құжатының ағылшын тіліндегі нұсқасы дайындалды. Жақын уақытта құжаттың орыс тіліндегі нұсқасын әзірлеу жоспарланып отыр. Бұл оның мазмұнын кеңірек аудиторияға қолжетімді етуге мүмкіндік береді.