2026 жылғы 20 қарашада KazGASA «Advanced Controls & Project Management» ЖШС-мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Келісім студенттер мен магистранттардың кәсіби құзыреттерін дамытуға, жобаларды басқару саласындағы білімдерін тереңдетуге, сондай-ақ халықаралық кәсіби стандарттарға сәйкес даярлық деңгейін арттыруға бағытталған.
Ынтымақтастық аясында қосымша кәсіби оқыту бағдарламаларын ұйымдастыру және білім алушыларды жобаларды басқару саласындағы халықаралық PMI (Project Management Institute) сертификатына дайындау жоспарланып отыр.
PMI сертификаты жобаларды басқару саласындағы кәсіби білім мен дағдыларды растаудың халықаралық деңгейде мойындалған құралдарының бірі болып табылады. Тиісті даярлықтан өту студенттер мен магистранттарға кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтуге, біліктілігін арттыруға және еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға мүмкіндік береді.
Меморандумға қол қою KazGASA-ның тәжірибеге бағдарланған білім беруді дамыту, кәсіби қоғамдастықпен өзара байланысты нығайту және болашақ мамандардың кәсіби қалыптасуына жаңа мүмкіндіктер жасау бағытындағы кезекті қадамы болды.