23 қазанда Халықаралық білім беру корпорациясында (KazGASA) дизайн саласындағы халықаралық сарапшы Джованни Оттонеллоның «Кездейсоқтық болмайды: ой-өрісті кеңейтіңіз, пәнаралық тұрғыдан ойлаңыз, мәні бар дизайн жасаңыз» тақырыбында қонақ дәрісі өтті. Кездесудің негізгі идеясы — дизайнға терең ойлаудың, түрлі салалардың өзара ықпалдастығының және қоршаған ортаға саналы көзқарастың нәтижесі ретінде жаңаша қарау.
Кездесудің ерекше құндылығы -Джованни Оттонеллоның Salvatore Ferragamo, Bottega Veneta, Hugo Boss және Lancia сынды әлемдік брендтермен көпжылдық ынтымақтастығы. Оның кәсіби тәжірибесі студенттерге сәулет пен өнерден бастап сән және өнеркәсіптік дизайнға дейінгі түрлі бағыттардың өзара байланысы тың идеяларды іздеуге және мағыналы жобалар жасауға жаңа мүмкіндіктер ашатынын түсінуге жол көрсетті.
Кездесу студенттер үшін халықаралық кәсіби тәжірибемен танысу мүмкіндігімен ғана шектелмеді. Ол академиялық білім мен халықаралық кәсіби практиканы тоғыстырған маңызды алаңға айналып, дизайнға кеңірек көзқараспен қарауға, қалыптасқан тәсілдердің шеңберінен шығуға және түрлі білім салаларының тоғысында жаңа шешімдер іздеуге шабыттандырды.