Жұқадисперсті минералды түйіршікті жүйелер негізіндегі сұйық жылуоқшаулағыш жабындар

АвторыТашмуханбетова Индира Беркинбаевна
БаспаХалықаралық білім беру корпорациясы
Шыққан жері мен жылыАлматы, 2024
Басылым түрімонография
Тіліқазақ тілі
Көлемі96 бет
ISBN978-601-08-4636-4

Қысқаша сипаттамасы

Монография жұқадисперсті минералды түйіршікті жүйелер негізіндегі сұйық жылуоқшаулағыш жабындарды әзірлеуге және зерттеуге арналған. Жылуоқшаулағыш материалдардың түрлері, минералды толтырғыштар мен полимерлі байланыстырғыштардың қасиеттері, сондай-ақ композицияларды зерттеу әдістері қарастырылған. Микрокремнеземді және модификацияланған эпоксидті жүйелерді зерттеу нәтижелері, рецептуралық факторлардың жабындар құрылымының қалыптасуына және пайдалану сипаттамаларына әсері келтірілген. Жылуөткізгіштікке, адгезиялық беріктікке, табиғи климаттық факторлар әсеріне ұзақ төзімділікке, алу технологиясына және өндірістің болжамды техникалық-экономикалық көрсеткіштеріне ерекше назар аударылған. Басылым құрылыс материалтануы және жылуоқшаулағыш жабындар саласындағы зерттеушілер мен мамандарға арналған.

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер5
Анықтамалар6
Белгілеулер мен қысқартулар7
Кіріспе8
1 Жылуоқшаулағыш қасиеттері бар композициялық материалды алудың теориялық принциптері10
1.1 Жылуоқшаулағыш материалдар түрлері, жіктелуі және қасиеттері10
1.2 Отандық нарықтағы заманауи жылуоқшаулағыш материалдар13
1.3 Жылуоқшаулағыш композициялық жабындарды әзірлеудің теориялық және практикалық негіздері17
1.4 Жылуоқшаулағыш жабындарды жасауға арналған полимерлі дисперсиялар21
1.5 Жылуоқшаулағыш материалдарды өндіруге арналған жұқадисперсті минералды толтырғыштар23
2 Материалдар және зерттеу әдістері26
2.1 Жылуоқшаулағыш жабын алуға арналған материалдар мен компоненттер26
2.2 Жұқадисперсті минералды түйіршікті жүйелерді талдаудың физика-химиялық әдістері28
2.2.1 Микрокремнезем бөлшектерінің гранулометриясы28
2.2.2 Микрокремнезем бетінің құрылымын анықтау әдістемесі29
2.2.3 Жұқадисперсті толтырғыш ұнтақтардың құрылымдық сипаттамаларын анықтау және бағалау30
2.2.4 Фракталдық жылу беру моделін талдау32
2.3 Эпоксидті шайырдың қатаю процедурасы және үлгілерді дайындау әдісі34
2.4 Эпоксидті шайыр мен қатайтқыш түрлерін салыстырмалы тұтқырлық және серпімділік-беріктік қасиеттерін анықтау барысында таңдау негіздемесі35
2.5 Жылуоқшаулағыш жабындарға табиғи климаттық сынақтар жүргізу әдістемесі36
2.5.1 Түс сипаттамаларының өзгерісі37
2.6 Эпоксидті-микрокремнеземді композиттерді алу әдістемесі39
2.7 Сканерлеуші электронды микроскопия40
2.8 Жабындардың термиялық қасиеттері40
2.9 Кеуектілікті анықтау әдістемесі41
2.10 Бу өткізгіштігін анықтау әдістемесі41
2.11 Адгезиялық беріктігін анықтау әдістемесі42
2.12 Жылу өткізгіштік коэффициентін және жылу кедергісін анықтау әдістемесі43
2.13 Жылтырлық дәрежесін анықтау әдістемесі48
3 Жұқадисперсті минералды түйіршікті жүйелер негізінде полимерлі композициялық жылуоқшаулағыш жабындарды синтездеу технологиясы және тиімділігі50
3.1 Толтырылған полимерлі байланыстырғыштардың жылу өткізгіштігіне әсер ететін негізгі құрылымдық параметрлері50
3.2 Эпоксидті шайырды пластификатормен модификациялау60
3.3 Эпоксидті шайыр композиттерінің табиғи климаттық факторлар әсеріне түс беріктігі63
3.4 Жұқадисперсті минералды түйіршікті жүйелер негізінде полимерлі жылуоқшаулағыш жабындар70
3.5 Әр түрлі беттерде қалыптасқан жабын материалының қасиеттері77
3.6 Эпоксидті шайыр негізіндегі жабындардың ұзақмерзімділігі77
3.7 Жұқадисперсті минералды жүйелер негізінде сұйық жылуоқшаулағыш жабындардың жылу өткізгіштігіне әсер ететін негізгі құрылымдық параметрлері78
3.8 Жылуоқшаулағыш жабындар өндірісінің болжамды техникалық-экономикалық көрсеткіштері82
Қорытынды83
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі85

Толық мәтін PDF. Тіркелусіз тегін оқу.