«ХБК» ЖШС-дегі академиялық адалдық

«Халықаралық білім беру корпорациясы» ЖШС

Академиялық адалдық лигасының мүшесі болып табылады. Академиялық адалдық лигасы — академиялық адалдық, ашықтық және білім беру қызметіндегі жауапкершілік қағидаттарын ұстанатын және ілгерілететін Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының бірлестігі.

2026 жылғы 10–13 наурызда «ХБК» ЖШС-ға Академиялық адалдық лигасының мониторингтік тобы келді. Сарапшылар университеттің академиялық адалдықты қамтамасыз ету жұмысын, білім беру үдерістерінің ашықтығын және цифрлық жүйелерін зерделеді. Талқылауларға басшылық, қызметкерлер, оқытушылар, студенттер, түлектер және жұмыс берушілер қатысты.

Мониторингтік топтың сапары туралы толығырақ
Академиялық адалдық бойынша бейнедәрістер:
https://drive.google.com/drive/folders/1hugvBT1oZTKclMP0W1G_GShROl4fN70D

Лига жайлы

Лиганың мақсаты: Қауымдастықтың негізгі мақсаты — академиялық адалдық қағидаттарын іске асыру және ілгерілету арқылы білім беру сапасын арттыру.

Лиганың миссиясы — академиялық адалдықтың он негізгі қағидасын алға жылжыту және жүзеге асыру арқылы елдегі білім беру сапасын ілгеріту және дамыту:

Академиялық адалдық Лиганың әрбір мүшесінің, оның білім беру процесінің және зерттеулерінің ең басты құндылығы болып табылады.

Лиганың әрбір мүшесі академиялық адалдықтың айқын, әділ және дәйекті стандарттарының, дәйексөз келтіру ережелерінің және мінез-құлық ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді.

Лиганың әрбір мүшесі академиялық және/немесе зерттеу мақсаттарына ұсынылған, олардың сипатына, мазмұны мен көлеміне қарамастан, барлық жазбаша жұмыстарын плагиатқа міндетті тексеруді қамтамасыз ету үшін жауаптылықта болады.

Лиганың әрбір мүшесі академиялық адалдық принциптері мен стандарттарын бұзғаны үшін білім алушылардың жауапкершілігін қамтамасыз етеді.

Лиганың әрбір мүшесі оқу нәтижелерін әділ әрі дұрыс бағалаудың өз жүйесі аясында білім алушыларға қатысты жоғары талаптарды белгілейді.

Лиганың әрбір мүшесі тек үздіктерге ғана өз оқуын бітіруге мүмкіндік береді.

Лиганың әрбір мүшесі кадрларды даярлау сапасы үшін жауаптылықта болады, ол дипломмен расталған.

Лиганың әрбір мүшесі академиялық адалдық принциптері мен стандарттарын, өзара сыйластық пен әділдікті дарытатын ұстаз ретінде оқытушының биік жауаптылығын қамтамасыз етеді.

Лиганың әрбір мүшесі академиялық адалдықты ілгерілету және қорғау білім беру ұйымындағы барлық білім алушылар мен қызметкерлердің ортақ күштерінің нәтижесі болып табылатындығын мойындайды.

Лиганың әрбір мүшесі өзіне жүктелген, оның ішінде Лига қызметінің негізгі принциптерін адал орындауға міндеттенеді. Ол Жарғы не Лига актілеріне сәйкес міндеттемелерді орындамағаны, сондай-ақ академиялық адалдық принциптері мен стандарттарын, оның ішінде Лига қызметінің негізгі принциптерін бұзғаны үшін ұйымнан шығарылуы мүмкін екенін түсінеді.

Лиганың саясаты

Лига кеңесі Академиялық адалдық стандарттарын әзірлеумен айналысады. Қазіргі уақытта Кеңес: студенттердің оқу нәтижелерін бағалау; Лиганың жалпы критерийлері негізінде зерттеу нәтижелерін жариялау үшін лигамен ұсынылған журналдарды бағалау; жоғары оқу орындарының мониторингі мен скрининг рәсімі және кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру стандарттарды әзірледі.

Лигаға академиялық адалдықты бұзушылық туралы анонимді хабарлау

Академиялық адалдық лигасы академиялық адалдық қағидаттарының ықтимал бұзылуы туралы анонимді хабарламаларды қабылдайды. Плакаттағы QR-кодты сканерлеңіз немесе Лига сайтындағы «Бұзушылық туралы хабарлау» нысанын пайдаланыңыз.

QR-код

Академиялық адалдық

  • Академиялық адалдық «ХБК» ЖШС-де институционалдық негізгі құндылықтардың бірі және университеттің білім беру мен ғылыми қызметінің сапасын қамтамасыз етудің іргетасы ретінде қарастырылады.
  • Университет адалдық, құрмет, сенім, әділдік, жауапкершілік, академиялық адалсыздыққа төзбеушілік және академиялық батылдық қағидаттарына негізделген академиялық ортаны қалыптастырады.
  • Академиялық адалдық оқу тапсырмаларын өз бетінше орындауды, дереккөздерді дұрыс пайдалануды, плагиатқа, жалғандыққа және өзге де адал емес мінез-құлық түрлеріне жол бермеуді білдіреді. Университет құқық бұзушылықтардың алдын алу, өтініштерді ашық қарау және институционалдық жауапкершілік тетіктерін жүйелі түрде енгізеді.
  • «ХБК» ЖШС академиялық адалдықты қамтамасыз етуді университет беделін сақтау, білім беру бағдарламаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және берілетін дипломдарға деген сенімді нығайтуға бағытталған жүйелі міндет ретінде қарастырады.

Академиялық адалдық бойынша негізгі құжаттар

«ХБК» ЖШС студентінің ар-намыс кодексі

«Мен, «ХБК» ЖШС-нің студенті бола отырып, оқу қызметінің барлық түрлерінде академиялық адалдық қағидаттарын сақтауға міндеттеме аламын. Мен тапсырмаларды өз бетіммен орындауға, дереккөздерді дұрыс пайдалануға және рәсімдеуге, плагиатқа, көшіруге, жалғандыққа және өзге де адал емес мінез-құлық түрлеріне жол бермеуге міндеттенемін. Мен өз сөздерім мен әрекеттерім үшін жеке жауапкершілікті сезінемін, оқытушылар мен білім алушылардың зияткерлік еңбегін құрметтеймін және сенімге, әділдікке және өзара құрметке негізделген академиялық ортаны қалыптастыруға ықпал етемін».

Академиялық адалдықты бұзу туралы хабарлау

Университетте академиялық адалдық қағидаттарының ықтимал бұзылуы туралы хабарлау тәртібі бекітілген. Егер сізге академиялық адалдық қағидаттарының ықтимал бұзылуы туралы мәлім болса, төмендегі батырма арқылы қолжетімді нысан бойынша өтініш бере аласыз. Өтініштер объективтілік және құпиялылық қағидаттарын сақтай отырып қарастырылады.

Академиялық адалдықты қамтамасыз ету органдары

Этика бойынша кеңес

Коллегиалды орган, білім беру және ғылыми қызметте академиялық адалдық, кәсіби этика және адал мінез-құлық принциптерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Кеңес этикалық нормаларды бұзу мәселелері бойынша өтініштер мен даулы жағдайларды қарастырады, оларды шешу бойынша ұсыныстар әзірлейді, сондай-ақ университеттің этикалық мәдениетін қалыптастыру және дамытуға қатысады.

Этика кеңесінің хаттамалары
Этика кеңесі туралы ереже
Этика кеңесінің отырыстарының жылдық кестесі
Этика кеңесінің жылдық есебі

Тәртіптік комиссия

«ХБК» ЖШС-нің Тәртіптік комиссиясы білім алушылардың оқу тәртібін, академиялық адалдық қағидаттарын, студенттердің әдеп кодексі нормаларын және ішкі тәртіп қағидаларын бұзу фактілерін қарауды жүзеге асыратын алқалы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Комиссия Ректордың бұйрығымен құрылады және бекітілген Ереже негізінде әрекет етеді. Комиссия құрамына әкімшілік, профессор-оқытушылар құрамы және Корпорацияның құрылымдық бөлімшелері өкілдері кіреді.

Комиссияның негізгі міндеттері:

  • білім алушылардың академиялық адалдық қағидаттары мен әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз ету;
  • тәртіптік жағдайларды жан-жақты, объективті және алқалы түрде қарау;
  • тәртіптік ықпал ету шараларын қолдану туралы шешімдер қабылдау;
  • профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
  • білім беру ортасында адалдық пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру.

Бұзушылықтарды қарау қызметтік жазбалар, актілер, тексеру материалдары және өзге де растайтын құжаттар негізінде жүзеге асырылады. Комиссия отырыстары хаттамаланады. Қарау қорытындысы бойынша шешім шығарылады және қажет болған жағдайда ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес тәртіптік ықпал ету шаралары қолданылады.

Тәртіптік комиссия алқалылық, объективтілік, жариялылық және білім алушылардың құқықтарын сақтау қағидаттарын қамтамасыз етеді.

Комиссия қызметінің нормативтік негізі «ХБК» ЖШС Ректоры бекіткен Білім алушыларға арналған Тәртіптік комиссия туралы ереже болып табылады.

Оқушылар үшін Дисциплинарлық комиссия туралы ереже
ХБК 169 бұйрығы 09.09.25 Оқушылар үшін Дисциплинарлық комиссия құру туралы
ХБК 179 бұйрығы 29.09.25 Оқушылар үшін 2025-2026 оқу жылына арналған Дисциплинарлық комиссия құру туралы
ХБК 208 бұйрығы 11.11.2025 Оқушылар үшін 2025-2026 оқу жылына арналған Дисциплинарлық комиссия құру туралы

Емтихан сессиясындағы академиялық адалдықты бұзу статистикасы

«ХБК» ЖШС-де емтихан сессиялары кезеңінде анықталған академиялық адалдықты бұзу жағдайларына жүйелі мониторинг жүргізіледі. Статистикалық деректер прокторлар рәсімдейтін емтиханнан шығару актілерінің негізінде қалыптастырылады және бұзушылықтардың оқу кезеңдері мен түрлері бойынша сандық көрсеткіштерін қамтиды.

2025–2026 оқу жылының қысқы емтихан сессиясының қорытындысы бойынша академиялық адалдықты бұзудың 121 жағдайы тіркелді. Салыстырмалы түрде айтсақ: 2024–2025 оқу жылының қысқы сессиясында 202 бұзушылық, ал сол жылдың көктемгі сессиясында 149 бұзушылық анықталған болатын.

Анықталған бұзушылықтардың түрлері бойынша ақпарат төмендегі диаграммаларда берілген.